ҚХЛ-дағы жеке статистика бойынша «Барыстың» төрт хоккейшісі үздіктер қатарында

ҚХЛ-дағы жеке статистика бойынша «Барыстың» төрт хоккейшісі үздіктер қатарында

ҚХЛ-дың 2026/2027 жылғы тұрақты чемпионатының үш аптасынан кейін хоккейшілердің жеке статистикасы есептелді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Барыстың» бірден төрт хоккейшісі үздіктер қатарынан көрінді, деп жазады «Роман с Хоккеем».

Джастин Бэйли бомбардирлер жарысында екінші орында тұр. «Барыс» шабуылшысының еншісінде 12 (7+5) ұпай бар.

Кеше өткен матчтан кейін көш бастады. СКА шабуылшысы Николай Голдобиннің еншісінде 13 (1+12) ұпай. Алайда оның соққан голы — небәрі біреу.

Бэйли мергендер арасында да үздіктер қатарында. Оның және «Торпедо» шабуылшысы Даниил Сероухтың еншісінде жеті голдан бар.

Джейк Масси пайдалық көрсеткіші бойынша (+9) ҚХЛ-да көш бастап тұр.

Логан Дэй бұғатталған соққылар саны бойынша бірінші орында — 29.

Ал қақпашылар арасында Андрей Шутов та үздіктер қатарында. СКА-ға қарсы матчты есепке алғанда, ол соққылардың 95,9 пайызын қайтарды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или