25 жастағы түрік футболшысы ауруханаға түскеннен кейін қайтыс болды
Түркиялық футболшы Толга Календер 23 қыркүйекте 25 жасында қайтыс болды. Қорғаушының қазасы туралы Түркия футбол федерациясы хабарлады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Календер қайтыс болардан аз уақыт бұрын ауруханаға жатқызылған. Алайда әзірге оның диагнозы, денсаулық жағдайы және өлімінің нақты себебі туралы ресми ақпарат жоқ.
Қорғаушы мансабы барысында қорғаныстың бірнеше позициясында ойнаған. Календер орталық қорғаушы ретінде де, қапталда да өнер көрсете алды.
Футболшының соңғы клубы «Бандырмаспор» болды. Календер бұл команданың сапында Түркия чемпионатының екінші дивизионында 2024–2025 жылдардағы маусымдарда өнер көрсетті.
Бұған дейін ол «Истанбул Башакшехир», «Адана Демирспор», «Байрампаши» және «Диярбакырспор» клубтарында ойнаған. Кәсіби мансабында Календер 131 матч өткізіп, төрт гол соқты.