Мейірім Нұрсұлтановқа WBC титулы үшін жекпе-жек өткізеді
Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) орта салмақтағы міндетті үміткер Мейірім Нұрсұлтановқа қатысты шешім қабылдады. Қазақстандық боксшы ұйымның қазіргі чемпионы Карлос Адамеспен толыққанды чемпиондық титул үшін жұдырықтасуы тиіс, деп хабарлайды Prosports.kz.
WBC-дің бұл шешімі туралы танымал бокс шолушысы Дэн Рафаэл хабарлады. Оның мәліметінше, Адамес пен Нұрсұлтановтың промоутерлік командаларына жекпе-жек өткізу шарттарын өзара келісуге мүмкіндік берілді. Егер тараптар келісімге келе алмаса, мәселе промоутерлік сауда арқылы шешіледі. Сауда-саттық 20 қазанға жоспарланған.
Нұрсұлтанов іріктеу жекпе-жегіндегі жеңісінен кейін міндетті үміткер мәртебесіне ие болған еді. Алайда оның чемпиондық титул үшін мүмкіндігі ұзақ уақыт бойы жүзеге аспады. Енді WBC оны Адаместің келесі міндетті қарсыласы ретінде ресми түрде бекітті.
Мейірім Нұрсұлтанов кәсіпқой рингте әлі жеңілмеген. Ол манчабындағы 20 жекпе-жектің барлығында жеңіске жетіп, оның 11-ін мерзімінен бұрын аяқтаған. Карлос Адамес 27 жекпе-жек өткізіп, оның 25-інде жеңіске жеткен, бір рет жеңіліп, тағы бір жекпе-жегін тең аяқтаған. Доминикандық боксшының 18 жеңісі нокаутпен келген.
Сонымен қатар, Адамес пен Нұрсұлтанов арасындағы ықтимал жекпе-жектің жеңімпазын бірден чемпиондық белбеуді міндетті түрде қорғау күтіп тұр. Оның келесі қарсыласы WBC-дің уақытша чемпионы Хесус Рамос болуы тиіс. Рамостың рекорды — 24 жеңіс, 1 жеңіліс және 19 мерзімінен бұрын жеңіс.
Бастапқыда Нұрсұлтанов Рамоспен Сан-Диегода кездесуі керек болған. Алайда Рамос жекпе-жектен бас тартқаннан кейін кездесу өтпей қалды. Ресми себеп бойынша спортшы тамақтан уланып қалған.