«Барыс» «Динамоны» ойсырата жеңіп, үздік үштікке енді

«Барыс» «Динамоны» ойсырата жеңіп, үздік үштікке енді

«Барыс» Мәскеудің «Динамосын» жеңіп, ҚХЛ-дың Шығыс конференциясында үшінші орынға көтерілді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу кеше Мәскеуде өтіп, қазақстандық клубтың 4:1 есебімен сенімді жеңісімен аяқталды. Бұл нәтиже «Барыстың» турнир кестесіндегі жағдайын жақсартуына мүмкіндік берді.

Жеті матчтан кейін команда 10 ұпай жинады. Қазіргі маусымда «Барыс» бес жеңіске жетіп, екі рет жеңілген.

Бірінші орында – «Металлург», екінші сатыда «Ак Барс» орналасқан.



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или