Дамир Жафяров маусымның алғашқы жүлдегері атанды

Дамир Жафяров маусымның алғашқы жүлдегері атанды

Континенталдық хоккей лигасы (ҚХЛ) тұрақты чемпионаттың алғашқы аптасында соғылған үздік он голды жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Рейтингті Нижнекамск қаласының «Нефтехимик» командасының шабуылшысы Дамир Жафяров бастады. Оның «Сочи» қақпасына соққан голы үздік деп танылды.

Үздік ондықтың толық нұсқасы:

  1. Дамир Жафяров («Нефтехимик»)
  2. Артём Галимов («Ак Барс»)
  3. Илья Котляров («Спартак»)
  4. Кирилл Семёнов («Ак Барс»)
  5. Мэйсон Морелли («Барыс»)
  6. Артём Каштанов («Автомобилист»)
  7. Александр Радулов («Локомотив»)
  8. Даниил Сероух («Торпедо»)
  9. Джастин Бэйли («Барыс»)
  10. Егор Савиков (СКА)

Еске салайық, Дамир Жафяров бұған дейін «Барыс» сапында өнер көрсеткен. Ол 2024/2025 жылғы маусымда ҚХЛ тұрақты чемпионатында елордалық клубтың құрамында 27 ойын өткізіп, 5 (1+4) ұпай жинады.

Ал 2025/2026 жылғы маусымда «Нефтехимик» сапында тұрақты чемпионат пен Гагарин кубогының плей-офф кезеңінде барлығы 60 матчқа қатысып, 37 (12+25) ұпай еншіледі.

Жафяровтың ҚХЛ-дағы жалпы көрсеткіші – 733 матчта 378 (148+230) ұпай.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или