Чемпиондар лигасында аптаның үздік ойыншысы атағына үміткерлер анықталды
УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі алғашқы матчтардың қорытындысы бойынша аптаның үздік ойыншысы атағына үміткер төрт футболшыны анықтады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ферран Торрес («ПСЖ») — испаниялық шабуылшы аптадағы ең нәтижелі ойын көрсетіп, словакиялық «Слован» қақпасына (6:1) хет-трик жасады.
Эрмедин Демирович («Штутгарт») — босниялық шабуылшы норвегиялық «Викингке» (3:1) қарсы кездесудің басты қаһарманы атанып, қарсылас қақпасын үш рет дәл көздеді.
Рафинья («Барселона») — бразилиялық вингердің дублі каталониялық клубтың нидерландылық «Фейеноордты» 5:1 есебімен ойсырата жеңуіне көмектесті.
Марк Бартра («Бетис») — тәжірибелі қорғаушының екі дәл соққысы испаниялық клубқа француздық «Лилльді» (3:2) сырт алаңда жеңуге мүмкіндік берді.
Еурокубоктағы алғашқы аптаның үздік ойыншысына өз дауысыңызды УЕФА-ның ресми порталында бере аласыз.