Елена Рыбакина әлемнің ең үздік теннисшісі атанды

Елена Рыбакина әлемнің ең үздік теннисшісі атанды

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина US Open турнирінің ширек финалында қытайлық Чжэн Циньвэньді жеңіп, жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу 3:6, 6:1, 6:4 есебімен Рыбакинаның пайдасына аяқталды. Теннисшілер кортта 2 сағат 14 минут өткізді. Осы уақыт ішінде Чжэн жеті эйс жасап, төрт рет қосарланған қателік жіберді және төрт брейк-пойнттың біреуін пайдаланды. Ал Рыбакина бес эйс жасап, бес рет қосарланған қателікке жол берді және қарсыласының добын қабылдауда үш гейм ұтып алды.

АҚШ ашық чемпионатының қорытындысы бойынша Рыбакина мансабында алғаш рет әлемдік рейтингте көш бастайды. Ол бірінші орыннан Беларусь өкілі Арина Соболенконы ығыстырады. Қазақстандық теннисші үшін US Open-нің жартылай финалына шығу да мансабындағы ең жоғары көрсеткіш болды.

Финалға шығу үшін өтетін матчта Рыбакина Мирра Андреева (Ресей, әлемнің 5-ракеткасы) – Кори Гауфф (АҚШ, әлемнің 4-ракеткасы) жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или