Атақты боксшы Сәтпаевтың алғашқы жеке жүлдесіне баға берді

Атақты боксшы Сәтпаевтың алғашқы жеке жүлдесіне баға берді

Қазақстандық әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы «Бернли» сапында кезекті жарқын ойынын өткізген Дастан Сәтпаевты қолдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Боксшының бұл пікірі ағылшын клубының 18 жастағы шабуылшыға арналған Instagram-дағы жазбасынан кейін пайда болды. Чемпионшиптің төртінші турында «Мидлсбромен» өткен матчта (1:1) Сәтпаев кездесудің үздік ойыншысы атанды.

Әлімханұлы ұзақ пікір қалдырмай, бір ғана сөзбен — «Тамаша» деп жазды. Осылайша боксшы отандасын осы маусымдағы алғашқы жеке жүлдесімен құттықтап, қолдау білдірді.

Сәтпаев қатарынан үшінші матчта негізгі құрамда алаңға шығып, 80-минутта ойыннан ауыстырылды. «Бернли» жанкүйерлері қазақстандық шабуылшыны қошеметпен шығарып салды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или