«Қайрат» екінші жыл қатарынан ел үздігі атанды
Алматының «Қайраты» командасы 2025/2026 жылғы Қазақстан футзал чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Семейге» қарсы финалдық серияның бесінші матчы Семейде өтті. Бұл матчқа дейін сериядағы есеп 2:2 еді.
Ойынның негізгі уақытында командалар жеңімпаз анықтай алмай, 2:2 есебімен тарқасты.
Чемпиондық бірінші қосымша уақытта шешілді. Алматылық ұжымның капитаны Біржан Оразов өзінің дәл соққысымен командасына жеңіс сыйлады.
Осылайша, «Қайрат» финалдық серияда жеңіске жетіп, екінші маусым қатарынан Қазақстан чемпионы атанды. Бұл алматылық клубтың 22-ші титулы болды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или