«Қайрат» финалда алға шықты

«Қайрат» финалда алға шықты

Семей қаласында футзалдан Қазақстан чемпионаты финалдық сериясының алғашқы матчы өтіп, «Қайрат» жергілікті «Семейден» пенальти сериясында басым түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Негізгі уақыт 2:2 есебімен аяқталып, қос команда да матч барысында бір-біріне лайықты қарсылық көрсетті.

Қосымша уақытта да жеңімпаз анықталмады, ал пенальти сериясында алматылық клуб 6:5 есебімен жеңіске жетіп, финалдық серияда 1:0 есебімен алға шықты.

Айта кетелік, екінші матч ертең 20:00-де өтеді. Бұдан кейінгі серия Алматыға ауысады. 

Қазақстандық клуб легионерлерін шығарып салды




Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или