Айбол Әбікеннің қай клубқа ауысатыны белгілі болды

Айбол Әбікеннің қай клубқа ауысатыны белгілі болды

Қызылордалық «Қайсар» жартылай қорғаушы Айбол Әбікеннің команда құрамынан кеткенін ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.

- Айбол клуб сапында өзін нағыз көшбасшы, жоғары деңгейдегі кәсіби футболшы әрі мінезді ойыншы ретінде көрсете білді. Айболға мықты денсаулық, толағай табыс және алдағы мансабына жаңа белестер тілейміз. Қай командада өнер көрсетсе де, оның жетістіктеріне әрдайым қуанып, қолдау білдіретін боламыз. Жолыңыз ашық болсын, Айбол, - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, Айбол Әбікен жарақатына байланысты маусым айындағы ұлттық құраманың ойындарына қатыса алмаған еді.

Ақпарат көздеріне сенсек, қазақстандық жартылай қорғаушы мансабын «Қызылжар» клубында жалғастыруы мүмкін.

«Ордабасы» қатары легионермен толығады

ҚПЛ: 14-тур ойындарына төрешілер тағайындалды

Қазақстандық футболшының клубы бас бапкерімен қоштасты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или