1XBET - ставки на спорт

Битри: Басшылықтың шешімдері кетуіме себеп болды

Битри: Басшылықтың шешімдері кетуіме себеп болды

Елордалық «Астананың» албаниялық бұрынғы ойыншысы Энео Битри ASnews.kz тілшісіне берген сұхбатында Қазақстан премьер-лигасының деңгейіне баға берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Қазақстан чемпионатының деңгейі жақсы және физикалық дайындыққа жоғары талап қойылады. Клубтар жақсы келісімшарттар ұсына алады, соның арқасында тәжірибелі әрі мықты футболшыларды шақырады. Жалпы алғанда, бұл жылдар бойы өзінің бәсекеге қабілеттілігін дәлелдеп келе жатқан жақсы чемпионат», – деді қорғаушы.
«Арис» пен «КуПС» қақпасына соққан голдарымды ұмыту мүмкін емес. Еурокубоктарда шешуші голдар соғу – керемет сезім, сол матчтарда командаға көмектесе алғанымды мақтан тұтамын. Бұл естеліктер менімен мәңгі қалады.
Бұл менің мансабымдағы өте жақсы кезең болды және мен «Астанада» ойнау мүмкіндігіне ие болғаныма ризамын. Кейде футболда бәрі бірдей алаңда көрсеткен ойыңа байланысты бола бермейді. Клуб басшылығының белгілі бір шешімдері мен жағдайлар менің командадан кетуіме себеп болды. Әрине, мен мұнда ұзағырақ қалғым келді, өйткені командада өзімді жайлы сезіндім және жанкүйерлермен де қарым-қатынасым тамаша еді. Бірақ футболдың аты футбол. «Астанаға» тек жақсылық тілеймін және клубта өткізген уақытымды әрдайым жылылықпен еске аламын», – деп түйіндеді Битри.

Еске сала кетейік, 29 жастағы албаниялық қорғаушы «Астана» сапында 2021 жылдың шілдесінен 2022 жылдың қаңтарына дейін өнер көрсетті. Осы уақыт ішінде ол 18 матч өткізіп, екі голмен көзге түсті. 2026 жылдың жазында Битри албаниялық «Эгнатия» клубымен келісімшартқа отырды.

Қазіргі уақытта елордалық «Астана» 22 ұпаймен ҚПЛ турнирлік кестесінде алтыншы орында тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или