Милич Чурчич қызметінен кетті
Петропавлдың «Қызылжар» командасы бас бапкер Милич Чурчичтің кеткенін хабарлады, деп жазады Prosports.kz сайты клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қызылжар футбол клубы мен бас бапкер Милич Чурчич өзара келісім бойынша ынтымақтастықты тоқтату туралы шешімге келді.
Сонымен қатар бас бапкердің көмекшісі Иван Йевич пен дене шынықтыру бапкері Евгений Кресик те клубтан кетеді.
«Команданы келесі матчқа жергілікті маман Николай Александрович Стоякин дайындайды», - делінген клубтың Instagram парақшасында.
Чурчич «Қызылжардың» бас бапкері қызметін 2025 жылдың сәуірінде атқарды. Биылғы маусымда сербиялық бапкердің басшылығымен 19 кездесуде команда алты рет жеңіске жетіп, үш рет тең ойнап, он рет жеңіліс тапты.
«ПСЖ» бірнеше ойыншысымен қоштаспақ
Левандовскидің қай клубқа ауысатыны белгілі болды
ӘЧ-2026: 1/8 финалға жолдама алған алғашқы құрама белгілі болды