1XBET - ставки на спорт

«Ақтөбе» трансферді жоққа шығарды

«Ақтөбе» трансферді жоққа шығарды

«Ақтөбе» клубы команда төңірегіндегі трансферлік қауесеттерге байланысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Кейбір БАҚ беттерінде «Ақтөбе» футбол клубы түрік жартылай қорғаушысы Ерай Өзбекпен келіссөз жүргізді деген жалған ақпар тарады.

«Ақтөбе» футбол клубы аталмыш ақпараттың шындыққа мүлде жанаспайтынын ресми түрде хабарлайды. «Ақтөбе» ешқашан жоғарыда аталған ойыншымен ешқандай келіссөз жүргізген емес. Клуб бұл дақпырт ақпараттар легінің қайдан, кімнен шығып жатқанын жақсы біледі және алдағы уақытта қатаң шаралар қолданатын болады.

Жанкүйерлер мен БАҚ өкілдерін ресми ақпаратқа ғана назар аударып, клуб абыройына нұқсан келтіретін хабарлардан аулақ болуға шақырамыз», - деп жазды клубтың баспасөз қызметі.


«Қайрат» – «Оқжетпес» матчына төрешілер тағайындалды

«Қызылжардың» бас бапкері қызметінен кетті

«Тараздың» қазақстандық шабуылшысы командадан кетті

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или