Роберт Левандовски жаңа командасын таңдады

Роберт Левандовски жаңа командасын таңдады

«Барселона» футбол клубының бұрынғы шабуылшысы Роберт Левандовски АҚШ-тың МЛС біріншілігінде өнер көрсететін «Чикаго Файр» командасына ауысады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл жөнінде белгілі инсайдер Фабрицио Романо мәлім етті. Оның хабарлауынша, қос тарап толыққанды келісімге келіпті. Ал келісімшартқа келесі аптада қол қояды деп күтілуде.

Польшалық шабуылшы соңғы төрт маусымды «Барселона» сапында өткізді және 7 трофей жеңіп алды. Үш рет Испания чемпионы атанып, үш рет Испания Суперкубогын және бір рет Испания Кубогын иеленді. Сонымен қатар, каталониялық клуб сапында 191 матч өткізіп, 119 гол соғып, 24 нәтижелі пас берген.

ӘЧ-2026: 1/8 финалға жолдама алған алғашқы құрама белгілі болды

ӘЧ: 1/16 финал жұптары мен матчтардың уақыты белгілі болды

ӘЧ: Португалия плей-оффта топ-құрамамен кездеседі

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или