ӘЧ-2026: 1/8 финалға жолдама алған алғашқы құрама белгілі болды

ӘЧ-2026: 1/8 финалға жолдама алған алғашқы құрама белгілі болды

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының плей-офф кезеңі басталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

1/16 финалының ашылу матчында турнир қожайындарының бірі Канада мен Оңтүстік Африка құрамалары кездесті. «Сау-Фай» стадионында (Инглвуд, АҚШ) өткен матч өте қырағы өтті. Қос құрама да қорғана отырып қарымта шабуылға иек артты.

Матч аяқталуына санаулы минуттар қалғанда канадалық футболшы Естакио ойынның есебін ашып (90+2'), өз командасын келесі кезеңге алып шықты. Осылайша ойын 1:0 есебімен Канада құрамасының пайдасына аяқталды.

Айта кетейік, бүгін, 29 маусым күні кешке Бразилия - Жапония және 30 маусым күні таңда Германия - Парагвай мен Нидерланд - Марокко құрамалары арасында матчтар өтеді.

ӘЧ: 1/16 финал жұптары мен матчтардың уақыты белгілі болды

ӘЧ: Португалия плей-оффта топ-құрамамен кездеседі

Хорватия камбэк жасап, плей-оффқа тікелей жолдама алды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или