Волейболдан Қазақстан құрамасы Азия кубогында үздік бестікке енді
Үндістанның Ахмедабад қаласында волейболдан ерлер командалары арасында өтіп жатқан Азия кубогында Қазақстан құрамасы бесінші орынға ие болды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
Қазақстандықтар бесінші орын үшін ойында Таиланд командасымен шеберлік байқасты.
Бірінші партия текетіреспен өтіп, есеп 17:17 болғаннан кейін қазақстандықтар таразы басын өздеріне аудара білді – 25:21.
Екінші сетте бастапқыда таилықтар алға кеткенімен, Сергей Трикоздың шәкірттері есесін жіберген жоқ – 25:23.
Үшінші партия Таиландтың еншісіне жазылды – 25:22. Дегенмен Қазақстан матчты жеңіспен аяқтай білді – 27:25. Қорытынды есеп – 3:1.
Осылайша, негізінен жастардан жасақталған Қазақстан командасы Азия кубогында үздік бес құраманың қатарына кірді.
Волейболдан Азия кубогы: Қазақстан құрамасы камбэк жасады
Волейболдан Азия кубогы: Қазақстан құрамасы Аустралияны жеңді
Волейболдан Азия кубогы: Қазақстан құрамасы алаң иелеріне жол берді