Бакудегі UFC турнирі: Алмахан — Мацумото жекпе-жегінің тікелей трансляциясы

Бакудегі UFC турнирі: Алмахан — Мацумото жекпе-жегінің тікелей трансляциясы

Бүгін, 27 маусымда, қазақстандық жеңіл салмақтағы Бекзат Алмахан (11-2) әлемдегі ең беделді промоушендегі үшінші жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Оның қарсыласы Әзербайжанның Баку қаласында өтетін UFC Fight Night 280 турнирінің алғашқы кардында бразилиялық мықты файтер Жан Мацумото болады.

Алмахан — Мацумото жекпе-жегінің тікелей трансляциясы Қазақстан уақыты бойынша шамамен 18:20 да басталады және осы сілтеме арқылы көруге болады.

Айта кетейік, Бекзат Алмахан UFC-дегі дебютін 2025 жылдың наурыз айында өткізіп, дивизионның ең үздік файтерлерінің бірі, жеңіліп көрмеген ресейлік Умар Нурмагомедовтен (18-0) төрешілер шешімімен жеңіліп қалған болатын.

Бакудегі UFC турнирі: Алмабаев - Джонсон кездесуінің тікелей трансляциясы

Қазақстанда өтетін OCTAGON 88 турнирінің тікелей трансляциясы


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или