Алмабаев жекпе-жегінің тікелей трансляциясы
Бүгін, 27 маусымда, қазақстандық жеңілірек салмақтағы файтер Асу «Зүльфикар» Алмабаев (23-3) Бакуде өтетін UFC Fight Night 280 турнирінде жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Оның қарсыласы тәжірибелі америкалық файтер Чарльз Джонсон (19-8) болады.
Алмабаев - Джонсон жекпе-жегінің тікелей трансляциясы Қазақстан уақыты бойынша шамамен сағат 21:40 да басталады және оны осы сілтеме арқылы көруге болады.
Айта кетейік, Алмабаев кейінгі жекпе-жегін 2025 жылдың қараша айында өткізіп, америкалық Алекс Пересті (26-10) үшінші раундта қылқындыру әдісімен жеңген болатын.
Ал, Чарльз Джонсон кейінгі рет осы жылдың наурыз айында жекпе-жек өткізіп, бразилиялық Бруно Сильваны (15-9-2) төрешілер шешімімен жеңді.
Джон Джонс Махачев – Гарри жекпе-жегіне күтпеген болжам жасады