Кузнецовтың «Барысқа» ауысуы күмән тудырды
Хоккей журналисі Евгений Акманов тәжірибелі шабуылшы Евгений Кузнецовтың «Барысқа» ауысуы туралы қауесетке пікір білдіріп, мұндай трансфердің тиімділігіне күмән келтірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Акмановтың айтуынша, 34 жастағы Кузнецов әлі де жоғары деңгейде ойнай алады, алайда «Барыс» қазір тәжірибелі жұлдыздарға емес, жас қазақстандық ойыншыларды дамытуға басымдық беруі тиіс.
«Бұл трансфер күмәнді көрінеді. Команданың басты медиа күші – атақты ойыншылар емес, қоржынындағы жеңіс. Жанкүйерлерді жеңіс қана тартады» деді журналист.
Айта кетелік, бұған дейін хоккейшінің агенті Шуми Бабаев Евгений Кузнецовтың «Барысқа» ауысу мүмкіндігін жоққа шығармаған еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или