Гейджи: «Жекпе-жекте өзімді өмір мен өлім арасында тұрғандай сезіндім»

Гейджи: «Жекпе-жекте өзімді өмір мен өлім арасында тұрғандай сезіндім»

UFC жеңіл салмақ дәрежесіндегі жаңа чемпион Джастин Гейджи Хабиб Нурмагомедовқа қарсы жекпе-жегіндегі жеңілісі туралы даулы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Гейджидің айтуынша, UFC 254 турниріндегі жекпе-жекте ол тұншықтыру әдісі кезінде қарсыласына берілу белгісін үш рет берген. Бірақ төреші оны байқамай, спортшы есінен танып қалғанға дейін айқасты тоқтатпаған. Ол бұл туралы кейін де Хабибпен сөйлескенде түсіндіруге тырысқанын айтты, алайда қарсыласы оған сенбеген.

Айта кетелік, Гейджи өз сөзінде жекпе-жек кезінде өзін «өмір мен өлім арасында тұрғандай» сезінгенін айтып, бұл жағдайды мансабындағы ең ауыр сәттердің бірі деп атады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или