«Ұлытау» жуырда ресми мәлімдеме жасайды
Беларусьтік жартылай қорғаушы Илья Черняк Қазақстан Премьер-лигасының жезқазғандық «Ұлытау» клубына ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.
24 жастағы шабуылшы, жартылай қорғаушы соңғы маусымды Боснияның «Широки Бриег» командасында өткізіп, 13 матчта 2 гол соғып, 2 нәтижелі пас берген. Бұған дейін ол Ресейдің «Енисей» клубында да сынақтан өтіп, бір матчта голымен көзге түскен.
Айта кетелік, Черняктың «Ұлытау» сапына қосылуы жуырда ресми түрде жариялануы мүмкін.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или