«Оқжетпес» ФК бас бапкері ойыншылардың жағдайына алаңдайды

«Оқжетпес» ФК бас бапкері ойыншылардың жағдайына алаңдайды

«Оқжетпес» командасының бас бапкері Ринат Алюетов ойыншылардың «Тобыл»-мен өткен матчындағы (2:1) жағдайына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

— Өте қызықты, тартысты ойын болды. Жалғыз мәселе — ауа райы әсер етті: 33 градус, өте қиын болды. Тіпті бүгін бірнеше ойыншыға күн өтті. Бәріміз де әбден терледік, — деді Алюетов матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында.

Еске салайық, Оқжетпес матчты Жансұлтан Мұхаметхановтың дублінің (48 және 63-минуттар) арқасында жеңіп алды. Тобыл сапынан жалғыз голды Марко Вукчевич соқты (10-минут).

38-минуттан бастап Тобыл он ойыншымен қалды: Пап-Альюн Ндиайе екінші сары қағаз алып, алаңнан қуылды.

Нигериялық қорғаушы «Ертіс» құрамына қосылды

Грузиялық футболшы Дастан Сәтпаевқа жоғары баға берді

Луиш Нани «Актөбенің» «Астананы» жеңуіне септігін тигізді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или