Ұлттық құрама бапкерінің қызметінен кету себебі белгілі болды

Ұлттық құрама бапкерінің қызметінен кету себебі белгілі болды

Қазақстан ұлттық футбол құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов өз еркімен қызметінен кету туралы өтініш бергені белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ақпарат көздеріне сүйенсек, алдағы күндері маман бұқаралық ақпарат құралдарына шығып, ұлттық құрамадан кету шешімінің себептерін жеке өзі түсіндіруі мүмкін.

Талғат Байсуфинов 2026 жылдың 28 қаңтарында Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне қайта тағайындалған еді. Осы уақыт аралығында оның жетекшілігімен команда төрт матч өткізіп, екі жеңіс, бір тең ойын және бір жеңіліс тіркеді.

Соңғы матч 9 маусым күні өтіп, Қазақстан құрамасы Венгрияға қарсы жолдастық кездесуде 1:3 есебімен жеңілген болатын.

Ойыншыларға күн өтті — «Оқжетпес» ФК бас бапкері

Нигериялық қорғаушы «Ертіс» құрамына қосылды

Грузиялық футболшы Дастан Сәтпаевқа жоғары баға берді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или