Ағылшындық сарапшы Дастан Сәтпаевтың даму жолын нақтылады

Ағылшындық сарапшы Дастан Сәтпаевтың даму жолын нақтылады

Лондондық «Челси» клубы қазақстандық жас футболшы Дастан Сәтпаевтың әлеуетін толық ашу үшін оның даму жолын нақты айқындауы тиіс, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы ағылшындық сарапшы, әрі журналист Джеймс Четтл мәлімдеді. Оның сөзінше, 17 жастағы шабуылшыны қатарға қосу «Челсидің» жас әрі дарынды ойыншыларға бағытталған трансферлік саясатының жалғасы саналады. Алайда басты мәселе трансфердің өзінде емес, футболшының мансабын дұрыс жоспарлауда.

Сарапшы лондондық клубтың әрбір жас ойыншының бірден негізгі құрамға енуін күтпеуі керектігін атап өтті. Осыған байланысты Сәтпаевтың дамуына арналған нақты бағдарлама жасалып, оның кезең-кезеңімен өсуіне жағдай жасалуы қажет.

Еске салайық, Дастан Сәтпаев осы аптада Англияға аттанып, «Челсидің» маусым алдындағы оқу-жаттығу жиынына қатысады деп жоспарлануда. Қазақстандық талант жақын арада лондондық клуб жүйесіне қосылып, өзін жаңа деңгейде көрсетуге мүмкіндік алады.

Сәтпаевтың соңғы матчы. «Қайрат» - «Қызылжар» матчы

«Қайрат» өз алаңында «Қызылжарды» жеңді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или