Аида Әбікеева финал жолдамасы үшін өткен жекпе-жекте жеңілді
Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан World Boxing Әлем кубогының екінші кезеңінде қазақстандық боксшы Аида Әбікеева финал жолдамасы үшін өткен жекпе-жекте жеңіліс тапты, деп хабарлайды Prosports.kz.
65 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Әбікеева Бразилияның атақты боксшысы Беатрис Феррейрамен қолғап түйістірді. Үш раунд қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті бірауыздан қарсыласына берді. (5:0)
Осылайша, бразилиялық спортшы финалға шықса, Аида Әбікеева жарысты жартылай финалда аяқтап, қола жүлдегер атанды.
Айта кетелік, Аида Әбікеева – 2025 жылғы әлем чемпионы және 2024 жылғы Азия чемпионы. Ал оның қарсыласы Беатрис Феррейра Олимпиада жүлдегері әрі бірнеше дүркін әлем чемпионы саналады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или