Қазақстандық жартылай қорғаушы «Каспий» клубына қосылды

Қазақстандық жартылай қорғаушы «Каспий» клубына қосылды

Қазақстандық жартылай қорғаушы Данияр Үсенов Ақтау қаласының «Каспий» клубымен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Футболшы маусымды Қостанайдың «Тобол» командасында бастаған. Ол Қазақстан Премьер-лигасында үш матчқа қатысып, жалпы 11 минут алаңда өнер көрсетті.

Айта кетелік, «Каспий» клубы жазғы трансферлік кезеңде бұған дейін Александр Климович, Павел Седько және Рамазан Абылайханды қатарға қосқан болатын. Қазір команда КПЛ турнирлік кестесінде 8 ұпаймен соңғы орында тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или