«Шахтер» 25 ұпай жинап, турнир кестесінде екінші орынға көтерілді
Қарағандылық «Шахтер» Бірінші лиганың 10-туры аясында Оралдың «Жайық» командасын өз алаңында сенімді түрде жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Матчты фаворит ретінде бастаған «кеншілер» алғашқы минуттардан-ақ ойын тізгінін қолға алып, қарсылас қақпасына жиі қауіп төндірді. Есеп бұрыштама доптан кейін ашылып, Александр Мигунов әуе доп үшін таласта жеңіп шығып, баспен дәл соққы жасады.
Бірінші таймның 36-минутында Андрей Ульшин айып алаңындағы қарбаласты тиімді пайдаланып, есепті 2:0-ге жеткізді. Ал екінші таймда «Шахтер» ойынды толық бақылауда ұстап, 84-минутта Артем Литош қорытынды нәтижені орнатты.(3:0)
Айта кетелік, осы жеңістен кейін «Шахтер» 25 ұпай жинап, турнир кестесінде екінші орынға көтерілді. Құрама келесі ойынын 26 маусым күні сырт алаңда «Таразға» қарсы өткізеді.