Богдан Петрович «Каспийден» кетті
Сербиялық шабуылшы Богдан Петрович Ақтаудың «Каспий» командасынан кетті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
23 жастағы «Црвена Звезда» түлегі «Каспий» командасына осы жылдың наурыз айының басында грекиялық «Панаргиакос» командасынан қосылды. Петрович Ақтау клубы сапында тоғыз ойын өткізіп, бір гол соқты.
ҚПЛ-дың 13 турынан кейін «Каспий» сегіз ұпай жинап, турнир кестесінде соңғы орында, яғни 16-орында тұр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или