Мәскеу қазақстандық футболшыны өз қатарына қоспақ

Мәскеу қазақстандық футболшыны өз қатарына қоспақ

Мәскеулік «Спартак» Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі Максим Самородовты өз қатарына қосуға қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Инсайдер Иван Карповтың мәліметінше, ресейлік клуб «Ахматқа» ресми сұраныс жолдаған. Ал Грозный клубы 23 жастағы қазақстандық футболшы үшін 10 миллион еуро талап еткен.

Самородовтың «Ахматпен» келісімшарты 2028 жылдың жазына дейін жарамды. Сонымен қатар ол Ресей Премьер-лигасында легионер болып саналмайды, бұл оның трансферлік құнын арттырып отыр.

Айта кетелік, Transfermarkt порталы Максим Самородовтың нарықтық бағасын 3 миллион еуро деп көрсетеді. Дегенмен «Ахмат» қазақстандық вингерді командадағы маңызды ойыншылардың бірі санап, оны тек қомақты қаржыға ғана жіберуге дайын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или