КХЛ ең мықты хоккейшілердің тізімін мәлімдеді
Континенталды хоккей лигасы (КХЛ) маусымаралық кезеңде келісімшарты жоқ ең мықты хоккейшілердің тізімін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Лига ұсынған ТОП-9 еркін агенттер қатарында танымал ойыншылар бар: Александр Барабанов, Евгений Кузнецов, Дмитрий Яшкин, Никита Гусев және тағы басқалар.
Сондай-ақ тізімге Стефан Да Коста, Кевин Лабанк, Андрей Стась, Станислав Галиев және Гейдж Куинни енген. Бұл ойыншылардың бір бөлігі алдағы маусымда «Барыс» сапын күшейтуі мүмкін.
Айта кетелік, мұндай деңгейдегі еркін агенттердің нарықта пайда болуы КХЛ клубтары үшін жазғы трансферлік кезеңде үлкен мүмкіндік саналады.
ҚР хоккейі үшін жағымды жаңалық: Корнеев НХЛ драфтының финалдық тізіміне енді
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или