«Қайрат» клубы Марк Гуальмен келісімшартқа отырды
Алматылық «Қайрат» 30 жастағы испан шабуылшысы Марк Гуальмен келісімшартқа отырғанын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Гуаль Испанияның Бадалона қаласында дүниеге келген. Ол «Бадалона», «Барселона» және «Эспаньол» академияларында тәрбиеленген.
Кәсіби мансабында «Севилья Атлетико», «Сарагоса», «Жирона», «Реал Мадрид Кастилья» және «Алькоркон» клубтарында ойнаған.
2022 жылы ол Польшаның «Ягеллония» клубына ауысып, 2022/23 маусымында ел біріншілігінің үздік сұрмергені атанып, ең үздік шабуылшы деп танылған. Кейін «Легия» сапында Польша кубогы мен Суперкубогын жеңіп алған.
2024/25 маусымында Гуаль барлық турнирлерде 19 гол соғып, командасының үздік бомбардирі болды, оның ішінде Еуропа конференция лигасында 7 гол бар.
Айта кетелік, соңғы клубы Португалияның «Риу Аве» командасы болған. Сондай-ақ ол Испанияның жастар құрамасында (U-21) 3 матч өткізген.
«Қайсар» сапына қазақстандық қорғаушы қосылды