Қазақстан WU-17 қыздар құрамасы 2026/27 Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі қарсыластарын білді
Швейцарияның Ньон қаласында 2026/27 Еуропа чемпионатының 17 жасқа дейінгі қыздар арасында бірінші іріктеу кезеңінің жеребе тарту рәсімі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚФФ-ға сілтеме жасап.
Жеребе нәтижесінде Қазақстанның WU-17 қыздар құрамасы «А» лигасының 3-тобына түсіп, Германия, Чехия және Исландия құрамаларымен бір топқа түсті. Ойындардың өтетін уақыты мен орны кейін жарияланады.
«А» лигасындағы 28 команда төрт-төрттен жеті топқа бөлінді. Ойындар бір елде мини-турнир форматында өтеді. Өз топтарында төртінші орын алған жеті команда осы іріктеу кезеңінің «B» Лигасына түседі.
«Қайраттың» бұрынғы ойыншысы Қазақстанға оралды
Қазақстан құрамасы он футболшымен Венгрияға есе жіберді
Ең көп гол, үздік сұрмерген. Қазақстан U19 өз тобында нәтижелі өнер көрсетті
Қазақстан жастары Еуропа чемпионатының жолдамасы үшін таласты жалғастырады