Қазақстан құрамасы кезекті жолдастық матчын өткізді
Қазақстан құрамасы Венгрияда жергілікті құрамаға қарсы жолдастық матч өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бірінші таймнан кейін Талғат Байсуфинов шәкірттері 1:0 басым түскен еді. Дегенмен, екінші тайм басында «Ливерпуль» футболшысы Доминик Собаслаи таразы басын теңестіріп кетті. 63-ші минутта Максим Самородов екінші сары қағазын алып, алаңнан қуылып кетті.
Венгрия төрт минуттан кейін жазалады. Андраш Шефер алыстан тоғыздыққа жойқын соққы бағытап, Темірлан Анарбековтың қақпасынан саңылау тапты. Төреші қосқан қосымша уақытта Алекс Тот өз командасының үшінші голын соғып, матч нүктесін қойды. Қорытынды есеп - 3:1!
Айта кетейік, үш күн бұрын Қазақстан Армениямен тең түсті.
Ең көп гол, үздік сұрмерген. Қазақстан U19 өз тобында нәтижелі өнер көрсетті
Қазақстан жастары Еуропа чемпионатының жолдамасы үшін таласты жалғастырады
Қазақстан жастар құрамасы Әзірбайжанды жеңді
Фото: KFF