Нұрали Жақсылық жазда команда ауыстырады

Нұрали Жақсылық жазда команда ауыстырады

«Астана» клубының және жастар құрамасының вингері Нұрали Жақсылық жазда команда ауыстыруы ықтимал екенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Футболшының айтуынша, ол жазда клубтан кету мәселесін қарастыруы мүмкін және тұрақты ойын тәжірибесін арттыруды мақсат етіп отыр.

21 жастағы ойыншы биылғы маусымда «Астана» сапында 8 матчқа қатысып, жалпы 95 минут алаңда болды. Ол қазіргі таңда негізгі құрамда тұрақты орын ала алмай жүр.

Айта кетелік, футболшы барлық нұсқаларды қарастыруға дайын екенін атап өтті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или