Димитар Митков мансабын павлодарлық «Ертісте» жалғастырады

Димитар Митков мансабын павлодарлық «Ертісте» жалғастырады

Шымкенттік «Ордабасы» клубының шабуылшысы Димитар Митков мансабын павлодарлық «Ертісте» жалғастыруы ықтимал, деп хабарлайды Prosports.kz.

26 жастағы болгариялық футболшы легионерлер лимитіне байланысты командадан кетуге мәжбүр. Норвегиялық шабуылшы Бьорн Йонсеннің келуінен кейін «Ордабасы» сапасындағы шетелдік ойыншылар саны 11-ге жеткен. Ал Қазақстан Премьер-лигасының регламенті бойынша клуб өтініміне ең көбі 10 легионер енгізіледі.

Осы маусымда Димитар Митков барлық турнирде 13 матч өткізіп, 4 гол соқты және 2 нәтижелі пас берді.

Айта кетелік, бұған дейін ол Болгарияның 21 жасқа дейінгі жастар құрамасында өнер көрсетіп, төрт матчқа қатысқан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или