Жас қазақстандық футболшы еуропалық клубпен келісімшарқа отырды
Словакияның «Тренчин» клубында өнер көрсететін қазақстандық жартылай қорғаушы Шахмұрза Адырбеков ASnews.kz сайтына берген сұхбатында болашағы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Маусым барысында аздаған жарақаттар болды, бірақ қазір бәрі жақсы. «Тренчинде» қаламын. Клубпен тағы екі жылдық келісімшарт жасастым», – деді 19 жастағы футболшы.
Бұған дейін «Тобыл» сапында ойнаған Шахмұрза Адырбеков «Тренчинге» өткен жылдың қыркүйегінде қосылған болатын. Осы уақытқа дейін ол еуропалық клубта 12 матч өткізіп, бір нәтижелі пас берді.
Ең көп гол, үздік сұрмерген. Қазақстан U19 өз тобында нәтижелі өнер көрсетті
Қазақстан жастары Еуропа чемпионатының жолдамасы үшін таласты жалғастырады
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или