Футболдан Қазақстанда жазғы трансфер терезесі ашылды
Қазақстандағы кәсіби футбол клубтары үшін екінші тіркеу трансферлік кезеңі бүгін, 10 маусымда ресми түрде басталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жазғы трансферлік терезе 16 шілдеде жабылады. Осы кезеңде Қазақстан Премьер-лигасындағы, Бірінші лигадағы және Екінші лигадағы клубтар ҚФФ пен FIFА-ның қолданыстағы ережелеріне сәйкес жаңа ойыншыларды тіркей алады, сондай-ақ трансферлер ресімдей алады.
Бұған дейін Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) жазғы трансферлік терезенің уақытын өзгерту туралы шешім қабылдаған болатын. Маусымның басына көшу елді еуропалық жарыстарда таныстыратын қазақстандық клубтардың мүдделеріне байланысты.
Қазақстан құрамасы FIFA рейтингінде төмен сырғыды
Қазақстан құрамасы он футболшымен Венгрияға есе жіберді
Ең көп гол, үздік сұрмерген. Қазақстан U19 өз тобында нәтижелі өнер көрсетті