Қазақстан құрамасы FIFA рейтингінде төмен сырғыды
Қазақстан ұлттық футбол құрамасы жаңартылған FIFА рейтингінде 111-ші орынға төмендеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Маусым айындағы ойындардан кейін ұлттық құрама 2,26 рейтингтік ұпай жоғалтты. Команданың қазір 1180,78 ұпайы бар.
Нәтижесінде, Қазақстан әлемдік рейтингте екі орынға төмендеп, қазіргі уақытта 111-ші орында тұр.
6 маусымда Талғат Байсуфиновтың командасы Армениямен жолдастық кездесу өткізді. Еревандағы матч 1-1 есебімен тең аяқталды. 9 маусымдағы соңғы матчында Қазақстан Венгриядан 3-1 есебімен жеңіліп қалды, бұл команданың FIFА рейтингіндегі орнына да әсер етті.
Қазақстаннан алда Ливия, Кения және Комор аралдары тұр.
Қазақстан құрамасы он футболшымен Венгрияға есе жіберді
Ең көп гол, үздік сұрмерген. Қазақстан U19 өз тобында нәтижелі өнер көрсетті
Қазақстан жастары Еуропа чемпионатының жолдамасы үшін таласты жалғастырады