Майкл Олисе мадридтік «Реалға» ауысады

Майкл Олисе мадридтік «Реалға» ауысады

Мюнхендік «Бавария» шабуылшысы Майкл Олисе мадридтік «Реалға» ауысуы мүмкін деген ақпарат тарады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Журналист Рамон Альварес де Монаның мәліметінше, 24 жастағы француз футболшысы «Реалға» ауысуға дайын екенін білдірген.

Ақпаратқа сәйкес, мадридтік клуб алдағы аптада ресми ұсыныс жасауға ниетті. Сонымен қатар клуб президентіне байланысты алдағы шешімдер трансфер саясатына әсер етуі мүмкін екені айтылды.

Айта кетелік, бұл келісім жүзеге асса, Олисе «Реалдың» жазғы басты трансферлерінің біріне айналуы ықтимал.

Мбаппеге қатты әсер еткен футболшы кім?



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или