Мбаппе кәсіби мансабында өзіне әсер еткен футболшының есімін атады
Франция құрамасының әлем чемпионы, мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Мбаппе кәсіби мансабында өзіне әсер еткен футболшының есімін атады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Мбаппенің айтуынша, ол көп нәрсені колумбиялық шабуылшы Фалькадан үйренген.
Футболшы Фалькаоның жас кезінде өзіне әрдайым қолдау көрсеткенін, тәжірибесімен бөліскенін және командада көшбасшы болғанын атап өтті. Оның сөзінше, тәжірибелі шабуылшының жанында ойнау үлкен мүмкіндік болған.
Еске салсақ, Мбаппе мен Фалькао 2016 жылы Францияның AS Monaco клубында бірге өнер көрсеткен.
Айта кетелік, сол кезеңде жас Мбаппенің жұлдызы жанып, әлемдік футболдағы ең талантты ойыншылардың біріне айналды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или