Иран құрамасы АҚШ визасын алды

Иран құрамасы АҚШ визасын алды

Иран құрамасының футболшылары 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысу үшін виза алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы Түркиядағы Ислам Республикасының елшісі Мұхаммед Хасан Хабиболлазаде ирандық мемлекеттік телерадиокомпанияға хабарлады.

Иран құрамасының ойыншыларына арналған визалар 48 сағат ішінде футболшылардың жеке қатысуынсыз және Мексика елшілігінде саусақ ізін алу процедурасынан өтпей-ақ берілді.

Мамыр айының соңында Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) ұлттық құраманың базасын турнирге АҚШ-тан Мексикаға көшіруді мақұлдағаны белгілі болды.

Иран құрамасының топтық кезеңіндегі барлық үш кездесу АҚШ-та өтеді жоспарланған. Олар G тобында Бельгия, Египет және Жаңа Зеландиямен күш сынасады.

Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Мексика және Канада елдерінде өтеді.

Моуриньо 70 миллион еуро тұратын футболшыны «Реалға» шақырып отыр

«Барселона» бапкері маусымның үздігі атанды

Азиядағы ең қымбат футболшының есімі белгілі болды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или