1XBET - ставки на спорт

Абдуқодир Хусанов Азияның ең қымбат футболшысы атанды

Абдуқодир Хусанов Азияның ең қымбат футболшысы атанды

Transfermarkt порталы Англия Премьер-лигасында өнер көрсететін футболшылардың трансферлік құнын жаңартты, деп хабарлайды Prosports.kz

Соған сәйкес өзбекстандық қорғаушы Абдуқодир Хусановтың нарықтағы бағасы 15 миллион еуроға өсіп, 50 миллион еуроға жетті.

Осының арқасында 22 жастағы футболшы Азиядағы ең қымбат ойыншы атанды. Ол бұл көрсеткіш бойынша жапониялық Кайсю Сано (40 млн еуро) мен Такефуса Кубоны (30 млн еуро) басып озып, көш бастады.

Азиядағы ең қымбат футболшылардың ТОП-10 рейтингі:

  • 1. Абдуқодир Хусанов (Өзбекстан, "Манчестер Сити") — 50 млн еуро
  • 2. Кайсю Сано (Жапония, "Майнц") — 40 млн еуро
  • 3. Такефуса Кубо (Жапония, "Реал Сосьедад") — 30 млн еуро
  • 4. Ли Кан Ин (Оңтүстік Корея, ПСЖ) — 28 млн еуро
  • 5. Юито Судзуки (Жапония, "Фрайбург") — 24 млн еуро
  • 6. Каору Митома (Жапония, "Брайтон") — 22 млн еуро
  • 7. Ким Мин Джэ (Оңтүстік Корея, "Бавария") — 20 млн еуро
  • 8. Зион Судзуки (Жапония, "Парма") — 20 млн еуро
  • 9. Хироки Ито (Жапония, "Бавария") — 18 млн еуро
  • 10. Аясе Уэда (Жапония, "Фейеноорд") — 17 млн еуро

Айта кетейік, Абдуқодир Хусанов соңғы уақытта Еуропа футболындағы ең қарқынды дамып келе жатқан жас қорғаушылардың бірі ретінде бағаланып жүр. Оның трансферлік құнының күрт өсуі осының айқын дәлелі болды.

Өзбекстан құрамасы Канадамен жолдастық матч өткізді

FIFA әлем чемпионатындағы төрешілердің өкілеттігін кеңейтті

Германия жолдастық матчта ірі есеппен жеңіске жетті

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или