Футбол: Әлем біріншілігінде Испания мен Франция басты үміткер

Футбол: Әлем біріншілігінде Испания мен Франция басты үміткер

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының басты фавориттері ретінде Испания мен Франция құрамалары аталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ресей құрамасының бұрынғы ойыншысы Константин Зыряновтың пікірінше, дәл осы екі команда турнирде чемпиондыққа негізгі үміткер саналады.

Сондай-ақ ол Бразилия құрамасының ойынына ерекше қызығушылық танытатынын айтты. Оның сөзінше, бразилиялықтардың құрамында өнер көрсететін кейбір футболшылардың ойынын бақылағысы келеді.

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтеді. Турнир 11 маусымда басталып, 19 шілдеде аяқталады.

Айта кетелік, футбол мамандары Испания, Франция, Бразилия, Аргентина және Англия құрамаларын да әлем чемпионатындағы басты фавориттердің қатарына қосып жүр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или