Мбаппенің Transfermarkt-тегі бағасы 20 миллионға арзандады
«Реал Мадридтің» шабуылшысы Килиан Мбаппе Transfermarkt сайтының жаңартылған нарықтық бағаларына сәйкес Ла Лигадағы ең қымбат ойыншылар рейтингіндегі бірінші орыннан айырылды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жаңартуда «Лос Бланкос» шабуылшысының трансферлік құны 20 миллион еуроға, яғни 200 миллион еуродан 180 миллион еуроға дейін төмендетілді. Нәтижесінде Мбаппе Испания лигасының ең қымбат ойыншылар тізімінде екінші орынға түсті.
«Барселонаның» жартылай қорғаушысы Ламин Ямал 200 миллион еуро бағамен қазір рейтингте көш бастап тұр. Үшінші орында «Барселонаның» тағы бір ойыншысы, жартылай қорғаушы Педри, нарықтық құны 150 миллион еуро.
Өткен маусымда Мбаппе «Реал Мадрид» сапында барлық жарыстарда 44 матч өткізіп, 42 гол соғып, жеті нәтижелі пас берді.
Беларусь U21 — Қазақстан U21 жолдастық матчының тікелей трансляциясы
Қазақстан Португалияға қарсы матчта сенсация жасады
Қазақстан әйелдер құрамасының бапкері: Топтан шығатын мүмкіндік бар