1XBET - ставки на спорт

Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері маңызды матч алдында пікір білдірді

Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері маңызды матч алдында пікір білдірді

Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері Бегайым Қырғызбаева әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында өтетін Арменияға қарсы матчқа дайындық жайлы айтып берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

– Біз 5-ші маусым күні сырт алаңда Армения құрама командасына қарсы матч өткіземіз. Дайындығымыз жоспар бойынша өтіп жатыр. Қыздардың көңіл-күйі, атмосфера, бәрі жақсы. Қазіргі таңда мақсатымыз, техникалық, тактикалық, физикалық жағынан қыздарды жетілдіру. Ойыншылардың өзара байланысын нығайту, және де осы ресми матчқа толыққанды дайын болу.

Бұл ойынның маңызы біз үшін өте зор. Топтан шығатын мүмкіндігіміз бар. Сондықтан бұл біз үшін сынақ деуге болады. Оны толыққанды түсінеміз. Қыздар да түсінеді, біз де түсінеміз. Сол бағытта жақсы жұмыс істеп жатырмыз. Нәтижесін сол ойында көреміз деп ойлаймын.

Бактиер Зайнутдинов жайлы тың дерек шықты

«Тобыл» франциялық ойыншымен келісімшартқа отырды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или