FIFA әлем чемпионаты қарсаңында қызық мәлімдеме жасады
FIFA 2026 жылғы әлем чемпионаты қарсаңында жанкүйерлер мен футболшыларға қатысты жаңа ереже енгізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жаңартылған талапқа сәйкес, көрермендерге стадионға тіпті бос көп рет қолданылатын су бөтелкелерін алып кіруге тыйым салынады. Бұған дейін жанкүйерлер көлемі 1 литрге дейінгі пластик ыдыстарды кіргізіп, оларды арена ішінде толтыра алатын. Жаңа шектеу туралы билет иелеріне ресми түрде хабарланған.
Сонымен қатар, FIFA ойын алдында бастапқы құрамдағы 11 ойыншы ғана емес, матчқа тіркелгендердің бәрі алаңға шығатынын хабарлады. Сондай-ақ әнұран мен құрам таныстыру кезінде бәрі алаңның ортасында тұрады.
КӘЧ кезінде 11 ойыншы алаңға бір-бірден шыққан еді. Бұл жолы одан бас тартып, осындай өзгеріс енгізіпті.
Беларусь U21 — Қазақстан U21 жолдастық матчының тікелей трансляциясы
Қазақстан Португалияға қарсы матчта сенсация жасады
Қазақстан әйелдер құрамасының бапкері: Топтан шығатын мүмкіндік бар