Михаил Шайдоров ерекше жазба жариялады
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров балаларға спорттық жабдықтарға сертификат табыстағаны туралы жазба жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Олимпиада чемпионы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Алматы қаласының №3 спорт мектебінің жас мәнерлеп сырғанаушыларына сыйлықтар беріп жатқан видеосын жариялады.
«Бүгін мен Алматы қаласының №3 спорт мектебінде мәнерлеп сырғанайтын балалармен кездесіп, Халықаралық балаларды қорғау күніне орай оларға спорттық құрал-жабдықтарға сертификаттар бердім. Қолдау көрсеткендеріңіз үшін баршаңызға рахмет! Балаларға оң эмоциялар мен өздеріне деген сенімділік сыйлай алғаныма өте қуаныштымын. Мен біздің керемет спортымызда көбірек балаларды қолдауға тырысамын»,- деп жазды Михаил Шайдоров.
Шайдоровтың келісімшарты жайлы мәлімдеме жасалды
Қазақстан ескекшілері Азия чемпионатында үшінші орын алды
ҚҰОК мен АОК қысқы Азия ойындарына дайындықтың негізгі мәселелерін талқылады