Джелал-ад-Дин Амирбеков «Барысқа» қарсылас топқа ауысуы мүмкін
Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы Джелал-ад-Дин Амирбеков КХЛ-дағы Шығыс конференциясында «Барыстың» басты қарсыластарының біріне ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.
«ГоловойОбЛед» бағдарламасының мәліметінше, 23 жастағы қақпашыға КХЛ-дың бірнеше клубы қызығушылық танытқан. Дегенмен, ең жылдам әрекет еткен Владивостоктың «Адмирал» клубы болып, ойыншымен келісімшарт рәсімін аяқтауға жақын.
Өткен маусымда Амирбеков ЖХЛ-де «Магнитка» сапында өнер көрсетіп, плей-офф кезеңінің ашылу ойыншыларының бірі ретінде танылған.
Айта кетейік, «Адмирал» клубы бұған дейін «Торпедо» шабуылшысы Максим Мусоровты да қатарға қосқан болатын.
Айта кетелік, Владивосток клубы алдағы маусымда КХЛ Шығыс конференциясында өнер көрсететін «Барыс» командасының тікелей бәсекелестерінің біріне айналады.
Жаңартылған рейтинге Қазақстан хоккей құрамасы үздіктер қатарында