Овечкинді атақты футболшы Роналдуға теңеді
Ресей хоккейінің жұлдызы Александр Овечкин НХЛ-дегі тарихи рекордынан кейін португалиялық футболшы Криштиану Роналдумен салыстырылды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ресей хоккей федерациясы бірінші вице-президенті Роман Ротенбергтің айтуынша, Овечкин ойын стилі жағынан гол соғуға бейім, сондықтан оны дәл Роналду сияқты «таза снайпер» ретінде сипаттауға болады. Ал аргентиналық Лионель Месси болса, оның пікірінше, ойын құрушы, «ми» рөліндегі футболшыға ұқсайды.
Айта кетелік, Овечкин өткен жылы НХЛ тарихындағы ең көп гол соққан ойыншы атанып, Уэйн Гретцкидің рекордын жаңартқан болатын. Ол қазір әлем хоккейіндегі ең танымал шабуылшылардың бірі саналады.
Жаңартылған рейтинге Қазақстан хоккей құрамасы үздіктер қатарында
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или